Жуалылық жастар ұлттық ойынымызды жаңғыртты
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін ұлттық ойындарымыз – ұрпақ тәрбиесінде теңдесі жоқ қазына. Осындай асыл мұраны дәріптеу мақсатында жақында Шақпақата ауылының орталық алаңында аудандық деңгейде дәстүрлі «Ақсүйек» ұлттық ойыны өтті.









