Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздық оқушы әкімге 3 000 көшетті сыйға тартты

Тараздық оқушы әкімге 3 000 көшетті сыйға тартты
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 21 сәуірінде өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек», – деген болатын. Президентіміз айтқандай, бүгінде еліміздің әрбір тұрғыны тазалыққа, туған өлкесін көріктендіруге үлес қосып жүр.

Бұл бастамаға жастар да айрықшы атсалысуда. Әсіресе Тараз қаласындағы №66 «Келешек мектебінің» оқушылары ғылым мен жаңа технологияларды игеруді экология бағытымен ұштасыра білген.

Мәселен, жақында №66 «Келешек мектебінің» 7-сынып оқушысы Інжу Дәулет Қала күніне орай өсірген 2 900 түп ағаш көшетін қала әкіміне сыйға тартты.

– Сәтті шығуы үшін қанша уақыт тынымсыз еңбек еткен осы жобам – туған қаламды көркейтуге қосқан кішкентай ғана үлесім. Әр қара ағашты отырғызған кезде болашақта Таразымыздың көше-көшесін көгалдандырып, адамдарға сая мен тазалық сыйлайтынын ойлап іштей қуанғанымды жасыра алмаймын. Жылыжайда күтіп-баптау оңай болмады, бірақ еңбегімнің нәтижесін көргенде барлық қиындық ұмытылды. Мұғалімім Айнұр Бегманқызының қолдауы мен бағыт-бағдары мен үшін үлкен демеу болды. Болашақта да осындай экологиялық әрі ғылыми жобаларға қатысып, табиғатты аялауға өз үлесімді қоса бергім келеді, – дейді Інжу Дәулет.

Талапты өрен Қала күні қарсаңында 100 түп ағашты мектеп ауласына отырғызып, қалған 2 900 түп жас көшет Тараз қаласын көгалдандыру мақсатында қала әкіміне сыйға тартылды. Мектеп ұжымы бұл бастаманы өзге оқушыларға үлгі боларлық іс деп санайды.

Жас зерттеушінің ғылымға жасаған алғашқы қадамына қолдау білдіру мақсатында 7-сынып оқушысы Інжу Дәулетке Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Медет Нұрділлаұлы қала әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар