
Іс-шара барысында «Аulieata-Мedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қарасты «AR-AI» газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков басылымның бай тарихына кеңінен тоқталып, алғашқы қалыптасу кезеңдерінен бастап, бүгінгі жетістіктеріне дейінгі жолын әсерлі әңгімелеп берді.
Редакцияға келген қонақтар қатарында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері, олардың жетекшісі Анар Сүлейменқұлова, сондай-ақ колледж кітапханашысы Фатима Кенжеқұлова болды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері Ақжан Бесетаева мен Мейрамбек Ақмаханов та қатысып, газет тарихы мен оның даму кезеңдеріне қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Жылы жүзді кездесуде студенттер мен кітапхана қызметкерлері «AR-AI» газетінің өңірлік ақпарат кеңістігіндегі орны мен қоғамға тигізіп отырған ықпалы туралы өз әсерлерімен бөлісіп, басылым ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ