Тіл тазалығын сақтайық
Қазақ тілі әлемдегі ең бай әрі әдемі тілдердің бірі. Оны тек қазақ қана емес, тілімізді зерттеген әлем ғалымдары да мойындап кеткен. Ана тілінің жанашыры ретінде тіл тағдырына бейжай қарай алмаймын. Қазақ тілінің тарихы, осы заманға дейінгі тағдыры туралы жиі ізденіп, оқып жүремін.








