Ұрпағым ұлық болсын десең, өзіңді түзе
Перзентін дәретсіз емізбеген, бесігін төрден төмен түсірмеген қазақтың баладан асқан байлығы жоқ. Таң құланиектенгеннен қас қарайғанша бары мен нарын бетіне қараған бес тасының аузына тосқан ата-ананың өз шикіөкпесіне келгенде шығарда жаны бөлек. «Сол ішсін, сол кисін, сол жадырап, жарқырап жүрсін...









