Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жұртты жарнама жабырқатады

Жұртты жарнама жабырқатады
Ашық Дереккөз
Қандай да бір тауарды не ұсынылатын қызмет түрін жарнамалаудың бүгінгідей нарық заманында аса қажеті бар екені рас. Алайда неше түрлі жарнаманың теледидар көріп отырғанда қайта-қайта экран бетіне шығып, жұртты әбден әбігерге салатыны жасырын емес.

Жақында бір телеарнада сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концерт болып жатты. Шәмші халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған сазгердің бірі де бірегейі. Бірақ, мұндай өнер иесіне деген құрмет бұлай өлшенбесе керек-ті. Себебі әлгі концерттік бағдарлама барысында эфирден бір әні беріледі де, артынша жарнамаға ауысады. Ән кешін тамашалап біткенімізше мезі болдық. Ән тыңдағаннан көрі жарнама көргеніміз көп болды.

«Аstаnа» телеарнасында 21.00-22.00 аралығында «Алпарслан» атты түріктің тарихи мәндегі телесериалы көрсетіледі. Айналайын-ау, сол бір сағатта төрт-бес рет жарнама берілді. Ал түсініп көр. Сөйтсек, барлық арнада үздіксіз жарнамалар беріледі екен ғой. Елдің теледидар көруді қойып, смартфон, гаджет шұқылап кетуінің мәнісі жарнамадан жалыққаннан болса керек.

Сондықтан да ойлана келе теледидарға үңілгенше кітап, журнал, газет оқуды жөн көрдім. Газеттерде жаңалықпен қатар, небір салмақты сұхбат, сараптамалық, талдамалық, танымдық мақалалар жазылады. Адам газет-журнал, кітап оқу арқылы ой-өрісін, көңіл көкжиегін кеңейте алады. Ал теледидар көңілімізді қалдырды. Әсіресе кәрі адамдарға өте қауіпті екен, жарнама жаныңды жабырқатады, «жылт» етіп шыға келгенде жүйкең жұқарып, тіпті ауырып та қаласың. Денсаулық керек. Теледидар көріп төзімімді тауысқанша жазуы жанға жағымды газет-журнал, кітап оқимын деп шештім.

Төреқұл БАЛАСАҒҰНИ,
зейнеткер,
Шу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар