
Негізінде құлдық сана сүйегімізден өтіп, қанымызға сіңіп кеткендей біз өз тіліміздегі «паразит» сөздерден арыла алмай жүрміз. Көптеген адам үшін өз ойын анық жеткізуде сөзіне басқа тілге тән сөз қоспаса сөйлеу мәнері кеміс түсетін секілді көрінеді. Өкініштісі сол, тіліміздің қолдану аясы кеңеймей жатқанын іштей түсінгенімізбен, бұл бағытта жұмыс нақты жүргізілмей келеді.
Өзім куә болған бір жайтты сөз етсем, емтихан кезінде екі қазақ оқытушының бір-бірімен орыс тілінде сөйлесіп жатқан көрінісіне куә болдым. Бойымды бір түсініксіз сезім биледі. Қазақ тілінің мүшкіл хәлі жаныма батты. Сол сәт алғаш рет тілге жанашырлық танытудың не екенін сезіндім.
Тілді тұғырына көтеруді әр адам өзінен бастау керек. Бірақ қазақтардың кейбірі тілге жаны ашығанымен «Менің қолымда тұрған не бар дейсің, бәрін жоғары жақтан бастау керек» деген оймен күн кешеді. Жоқ, керісінше әркім өзі әрекет етуі керек. Себебі өзгеріс ойдан басталады, ал ой арман-мақсатқа жетелейді. Мақсат-мұрат орындалса, онда бұл – өз әрекетіңді өзгертуге сепеп болған ойдың нәтижесі. Иә, сен барлығын өзгертуге тиіссің сондықтан істі дәл қазір өзіңнен баста.
Бәрі адамның өз қолында. Өзгеру-өзгермеу өз таңдауының еншісінде емес пе?! Қарапайым, сөздік қолданысыңнан бір «паразит» сөзді алып тастағаныңның өзі тілге қосқан бір үлес болып саналады
Сондықтан, тіл тазалығын сақтайық. Түптің-түбінде бізді бақытқа кенелтетін, ұлттық болмысымызбен байланыстыратын күретамырымыз осы тіл ғой. Тамыры мықты мемлекет қана алға жылжып, өркендей алады. Сол үшін өзгеден емес, әрқайсымыз ірі істі өзімізден бастайық!
Айдана САРСЕНОВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 3-курс студенті
Жыр атасы – Мұқағали
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторAR-AY
- 12 маусым, 2025