Қордайда жұмыссыздар қатары сиреп келеді
Жақында Қордай аудандық прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті «Мансап» орталығының бастамасымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтармен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар да қатысты.









