Жоба жыл бойы жануарларды қорғау, экология, мәдени мұраны сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, спорт, төтенше жағдайлар, медиа және басқа да маңызды салаларды қамтитын 12 бағыт бойынша жүргізілді. Әр бағыт аясында жастардың қоғамға пайда тигізуіне, азаматтық жауапкершілік қалыптастыруына жағдай жасалған түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қоғам сақшылары» тобының қатысуымен өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жадынамалар таратылды. Қала аумағында синтетикалық есірткі жарнамаларын жою рейдтері мен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне қатысты профилактикалық жұмыстар да күшейтілді. Жоба нәтижесінде жастардың волонтерлікке деген қызығушылығы артып, қоғамға қызмет етудің жаңа дағдылары қалыптасты. Бұл бағыт өңірдегі еріктілік бастамалардың жүйелі дамуына және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Айдана БЕКМЫРЗА,
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір»
жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы




