Магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді
Елімізде магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу басталды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Биыл бұл сынаққа 51 мыңнан астам адам өтініш білдірген.









