Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

25 мың адам ҰБТ тапсырды

25 мың адам ҰБТ тапсырды
Биыл еліміз бойынша 25 000 адам тамыз айындағы ақылы негізге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Шекті балды 58 пайыз талапкер жинады. Үш таңдау және екі бейіндік пәні бойынша орташа балл – 56 балл. Талапкерлер арасынан жиналған ең жоғары көрсеткіш – 134 балл болды.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында тамыздағы ҰБТ-ға 112 талапкер қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру барысында 103 ереже бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде 37 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тест тапсыру барысында ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 66 адам шығарылыпты.

Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Талапкерлер арасынан тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға тапсырушының ҰБТ нәтижелері жойылады.

Сонымен қатар жоғары оқу орнына ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

 

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар