Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасына биыл да айрықша көңіл бөлініп отыр. Оңтүстік өңірдің жастарын кадр тапшылығы бар аймақтарда оқытуға арналған бұл бағдарлама бойынша 2 412 грант бөлініп, олардың 83 пайызы өз иесін тауыпты. Батыс өңіріндегі білім теңсіздігін төмендету мақсатында жастарға арналған мақсатты гранттар да толығымен 100 пайыз игерілген екен.
Соңғы жылдары елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Биыл сол оқу орындарына 2 365 грант бөлінді. Бұл – жастарға шетелге шықпай-ақ, халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік береді.
Биыл 300 сараланған грант бөлінді. Бұл гранттар нақты бір саладағы маман тапшылығын жоюға бағытталады. Мәселен, аймақтық өнеркәсіп, ауылшаруашылығы немесе цифрлық технологиялар саласында кадр қажеттілігі туындаса, дәл осы гранттар сол қажеттілікті жабуға ықпал етеді.
Айта кету керек, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған қолдаулар да баршылық. Мысалы, облысымыз бойынша бакалавр талапкерлеріне 30 грант бөлінген. Оның ішінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ісіне 7, педагогикалық ғылымдар мамандығына 12, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша 8, ауылшаруашылығы және биоресурстар бағытына 3 грант қарастырылған. Сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру талапкерлері де гранттан қалыс қалып жатқан жоқ.
Денсаулық сақтау бағытындағы резидентура талапкерлеріне 31 грант бөлінді. Бөлінген гранттар жас буынның сапалы білім алуына, өз елінде білікті маман болып қалыптасуына және болашақта экономиканың маңызды секторларын алға сүйреуге зор мүмкіндік береді деп сенеміз.
Сымбат ҚУАНЫШ
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...»
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




