Аяқсыз жүріп, қанатсыз ұшуға талпынамын
Өзімнің ғажайып әлемімді сондай қатты жақсы көремін. Иә, мен ерекше ғажап әлемде өмір сүремін. Ол несімен ғажап десеңіздер, жарық дүние есігін ашқанда ерекше болып туылған жанмын. Өзімнің ғажайып әлемімде, ғажайып тағдырыммен қандай сынақ болмасын сабырмен қабыл алып өмір сүріп келемін. Алла қаласа...









