Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда алғаш рет ми ісігіне ота жасалды

Жамбылда алғаш рет ми ісігіне ота жасалды
Автор
Облыстық көпбейінді ауруханада алғаш рет миға жоғары дәлдікпен нейрохирургиялық операция жасалды. Дәрігерлер сол жақ маңдай-шекелік аймақта орналасқан менингиома ісігін микрохирургиялық әдіспен толық алып тастап, науқастың өмірін сақтап қалды.

1959 жылы туған әйел адам ауруханаға бас ауруы мен тырысу белгілерімен жеткізілген. Шұғыл түрде жасалған МРТ зерттеуінде миынан ісік анықталып, дереу операция қажет екені белгілі болды. Пациент батыл шешім қабылдап, отаны облыстық көпбейінді ауруханада жасатуға келісті. Бұл – өңір тарихындағы алғашқы нейрохирургиялық ота, әрі ол толық сәтті өтті.

Операцияны медицина ғылымдарының кандидаты, бас дәрігердің хирургия және инновациялар жөніндегі орынбасары Асқар Садықов, нейрохирург Инаятдин Муединов, анестезиолог, мейірбике және реабилитация тобы бірігіп жасады.

Бір күннен соң науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылып,  бесінші күні өздігінен қозғала алатын халге жетті. Ал оныншы күні толық жазылып, үйіне шығарылды.

– Бұл оқиға – облыс медицинасындағы жаңа кезеңнің бастауы. Аймақта жоғары технологиялық операцияларды сәтті орындауға болатынын дәлелдедік. Біз үшін ең бастысы – науқастың амандығы, – дейді Асқар Садықов.

Дәрігерлер жиі бас ауруы, бас айналу, тырысу, сөйлеу немесе қозғалыстың бұзылуы байқалса дер кезінде дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Ерте диагноз – өмірді сақтаудың кілті!

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау

 басқармасының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар