Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өзін - өзі емдеген маймыл

Өзін - өзі емдеген маймыл
ашық дереккөз
Индонезияда суматрандық орангутан дәрілік өсімдіктің көмегімен бетіндегі үлкен жараны емдей алды, дейді ғалымдар. Зерттеушілер табиғатта жануарлардың өзін-өзі емдеудің бұл әдісін бірінші рет тіркеді.

Индонезиядағы Гунунг-Лойзер ұлттық саябағының зерттеушілері ерекше жаңалықты 2022 жылдың маусымында тіркеген. Оқиғаны басынан бастап баяндасақ, сол жылы зерттеушілер саябақта бетінде үлкен жарасы бар Ракус атты орангутанды байқайды. Олар оны басқа еркек орангутандармен шайқас кезінде жараланған деп ойлайды.

Содан кейін ғалымдар тобы Ракустың безгек пен қант диабетін емдеу үшін жергілікті жерде қолданылатын қабынуға және бактерияға қарсы «Akar Kuning» деп аталатын өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын шайнап жатқанын байқады. Ол сұйықтықты жеті минут бойы бетіне қайта-қайта жаққан. Содан кейін Ракус жапырақтарды шайнап, алынған қоспаны жараның бетіне жағады. Ол осы өсімдікпен жарты сағат бойы қоректеніп отырды.

Ғалымдар маймылдардың емдік шөптің бұл түрін шайнап жүргенін бұрын да байқаған, бірақ жануарлардың жараға мұндай компресті қолданғанын алғаш рет көрді.
Қоспа мен жапырақтар әсер етіп, бес күннен кейін жара толығымен жазылды. Бір айдан кейін Ракус толық қалпына келді.

Ғалымдар Ракус емдік жапырақтарды қолданатынын біледі деген қорытындыға келді. Өйткені орангутандар бұл өсімдікті сирек жейді. Маймылдың өзін-өзі емдегеніне тағы бір дәлел – процедураның ұзақтығы.– Ол қоспаны бірнеше рет жақты, кейін өсімдіктің қалың қоспасын қолданды. Бүкіл процесс ұзаққа созылды, сондықтан ол бұл құралды әдейі қолданған деп есептейміз, – деп түсіндірді доктор Лаумер.Сонымен қатар зерттеушілер Ракустың әдеттегіден әлдеқайда ұзағырақ, яғни жарты күннен артық демалғанын байқады. Бұл оның жарақатынан айығуға тырысқанын танытып отыр.

Ақтоты Жаңабай

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар