Трендтің бәрі тәтті, брендтің бәрі бағалы ма?
Қазіргі қоғам брендке ынтық, трендке құмар. Біреудің қолындағысы қызық, әлдекімнің аузындағысы артық көрінеді. Әлеуметтік желіге телмірген қоғамда біреу бүйректен сирақ шығарса да ол лезде танымал тұлғаға, өзі не сөзі немесе қылығы «хитқа» айналады.