Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Баға тұрақты бақылауда болуы керек

Баға тұрақты бақылауда болуы керек
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бизнес өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Басқосуда облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сауда саласын дамытудың перспективалары қаралды. Сондай-ақ базарларды жаңғырту жұмыстары мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланды.

Ербол Қарашөкеев өңірде шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету негізгі басымдыққа ие екенін атап өтті.Сондай-ақ аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру – басты мәселе. Бұл бағытта тұрақтандыру қорымен бірлесе жұмыс атқарып жатқан сауда желілері бар. Алайда тұрғындар тарапынан әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасына қатысты шағымдар туындап жатады.Сіздерден бұл мәселеге бейжай қарамай, бағаны тұрақты бақылауда ұстауды сұраймын, – деген облыс әкімі аймақта агроөнеркәсіптік кешен саласында ауқымды жобалар қолға алынғанын айтып, осы ретте бизнес өкілдерін бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Облыс әкімдігі шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтылығына да ықпал етеді.
Жиында бірқатар базар, супермаркет басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға өңір кәсіпкерлерін шетелдік ірі компаниялармен байланыстырып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар