Тері өңдеу ісіне тереңдеу керек
Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин келді. Үш күндік жұмыс сапары аясында вице-министр Т.Рысқұлов, Меркі, Жамбыл аудандарына барып, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен, салада атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты.