Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік инспектор Байзақ ауданында

Мемлекеттік инспектор Байзақ ауданында
Ашық Дереккөз
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғани Кенжеахметов жұмыс сапарымен Байзақ ауданына келіп, Сарыкемер ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып, пайдалануға берілген №7 орта мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.

Мектеп директоры Гүлмира Есентаева қонақтарға мектеп туралы толық мағлұмат берді

– Биылғы оқу жылын жаңа жайлы мектепте бастадық. Мектеп түгелдей қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде мұндағы 618 оқушыға 58 мұғалім сабақ береді. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған, – деді Гүлмира Әуесбекқызы.

Ғ.Кенжеахметов мектепті аралап, барлық сыныптардың қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғанына көз жеткізді. Кітапханашыдан оқушылардың кітапты қалай алып, қай уақытта оқитындарын білді.

Мектептегі ендігі бір мәселе – білім ошағының газға қосылуы. Бұл мәселені де тезірек шешуді мердігер компания «ТаразҚұрылыс дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талап Тайшиповқа тапсырды.

Келесі кезекте Ғани Кенжеахметов Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Жетібай ауылына барып, өткен жылы ашылған «Али черепица» жабындысын шығаратын цехта болды. Жеке кәсіпкер Нұрсұлу Сайлаубекова «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6 миллион теңге несие алып, алдымен арнайы станок сатып алған.

– Біз халықтың сұранысына орай ауылдан металл жабындысын шығаратын цех ашуды ойластырдық. Бұл үшін жеңілдетілген пайызбен алған несиеге жабынды шығаратын екі станок сатып алдық. Әріптесім Сұлтан Рахманов екеуміз осында жұмыс істеп жатырмыз. Станок 3 сағат жұмыс істегенде 1 000 шаршы метр металл жабындысын шығаруға болады. Егер сұраныс көбейіп жатса, одан да көп өнім өндіреміз. Жабындыға қажетті шикізатты Алматы қаласынан әкелеміз, – деді кәсіпкер Ғанибек Жұмасаев.

Ғанибек Темірболатұлы әңгіме арасында цехтың төбесін жабуға, басқа да қажеттілікке байланысты қаржылай көмек керектігін айтып қалды. Егер де сұраныс көп болатын болса, тағы 2-3 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндігі барын да жасырмады.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

журналист,

Байзақ ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар