Бұл ұжым маған қашанда ыстық
«AR-AI» – журналистика әлеміндегі ең алғашқы мектебім. Сондықтан да бұл ұжым маған қашанда ыстық. Сол жерде мен қаламгерлердің ортасында жүріп, сөз өнерінің қазанында қайнап, тәжірибе жинадым. «Жақсы орта – жан азығы» дейді ғой, шынында да «AR-AI» газетінің ұжымы мен үшін сондай орта болды.









