Кештің мақсаты – қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын жаңғыртып, әрбір азаматтың бойында жоғары әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырып, өзара мейірімділік пен қолдаудың өмірлік маңызын кеңінен насихаттай отырып, ортада жанашырлық мәдениетін орнықтыру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға тек рухани құндылықтар ғана емес, сонымен қатар әрбір тұлғаның қоғам алдындағы парызы мен әлеуметтік белсенділігінің мәні тереңінен түсіндірілді. Басқосу қатысушылардың жандүниесіне қозғау салып, айналасына шуақ шашатын, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын саналы қоғам құруға жасалған қадамдардың бірі болды.
Іс-шарада кітапхана қызметкерлері арнайы әзірленген мәдени бағдарлама ұсынып, жиналған қауымға ерекше көтеріңкі көңіл күй мен рухани серпіліс сыйлады.
Серіжан ТЕМІРБЕК,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті




