Осынау бастама, әсіресе, өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған. Бұл күн халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке ретінде белгіленгені де содан.
Наурызнама онкүндігінің үшінші күні – өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтардың назарына «Көшпенділер» фильмі ұсынылды. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы көшпенді қазақтың өмір салты мен әдет-ғұрпын таныстырады. Бұл шығарма – қазақ сөзөнерінің әлемдік нұсқасына қосылған құнды тарихи туынды.

Трилогия Алмас қылыш, Жанталас және Қаһар деген бөлімдерден тұрады. Осы трилогия желісімен керемет кино-картина жарық көрді. Әлем халқының зор ілтипатына бөленген бұл фильм біршама тілдерге ауыстырылып, әлем жұртына таңылды. Фильмде қазақ халқының базғы тыныс-тіршілігі мен тұрмыс салтын бейнеледі. Фильмде сонау ХV-XIX ғасырдағы қазақ хандығы бейнеленіп, Әбілқайыр хан, Бұқар жырау, Абылай хан, Кенесары хан сынды тарихи тұлғалар сөз етіледі.



