«Төлегеннің» тірлігі тындырымды
Жуалы ауданы – өзіндік агробелдеуі бар табиғаты ерекше өңір. Бүгінде қасиетті өңірде егіншаруашылығымен қатар, малшаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Аудан шаруалары егін егумен қатар, ірі қара малдың басын көбейтіп, ет өндіру, сүттің көлемін ұлғайту ісіне де ерекше ден қоюда.









