Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық тағамдарымыз ұлықталды

Ұлттық тағамдарымыз ұлықталды
Автор
Облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында халқымыздың ниеті, тарихы, әдет-ғұрпы мен дәстүрі айнадағыдай көрініп тұратын ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы» тақырыбында облыстық фестиваль өтті.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Мұқанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бекболат Қабылханұлы өз құттықтауында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуды мақсат еткен іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Фестиваль аясында «Береке» аспаздық студиясының қатысушылары ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды дайындап, олардың тарихы мен ерекшеліктерін көрерменге кеңінен таныстырды. Әр тағам – халқымыздың тұрмысынан, салт-дәстүрінен сыр шертетін шежіре іспетті. Қатысушылардың шеберлігі мен ізденісі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Тағылымды іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне аналарды біріктіріп, ұлттық тағам түрлерін үйреткен «Береке» аспаздық студиясының жетекшісі Самал Берікқызының үлесі зор болды.

Сонымен қатар іс-шарада ұлттық өнеріміз де дәріптелді. Облыстық филармонияның әншісі Саламат Молдабаевтың орындауындағы әсем әндер көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Ал, орталықтың жас өнерпаздары өз өнерлерімен іс-шараны әрлей түсті. «Ерке сылқым» бишілер тобы ұлттық нақыштағы биін ұсынса, «Қазына» ұлт-аспаптық үйірмесінің жас домбырашылары күмбірлеген күймен көрерменнің рухын асқақтатты.

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ,

облыстық «Анаға тағзым» отбасын

қолдау орталығының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар