Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды
ашық дереккөз
«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды
Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Америка дауысына сілтеме жасап. Алғашқы марапатталғандар: Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио»Гильермо дель Торо. Үздік қосалқы актер - Ке Хюи Куан(«Барлығы барлық жерде және бірден») Үздік қосалқы актриса - Джейми ли Кертис(«Барлығы барлық жерде және бірден») Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирландша қоштасу» болды. Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд). Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі. Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі. Шет тіліндегі үздік фильм – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия). Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба. Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы». Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Батыс майданда өзгеріс жоқ». Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы» Үздік түпнұсқа сценарий - «Барлығы барлық жерде және бірден». Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр». Үздік дыбыс - «Топ Ган: Мэверик». Үздік ән - үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні. Үздік монтаж — «Барлығы барлық жерде және бірден». Үздік режиссер - «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт. Үздік актер - Брендан Фрейзер («Кит»). Үздік актриса - Мишель Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»). Үздік фильм - «Барлығы барлық жерде және бірден».
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар