Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін елге оралды

Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін елге оралды
ашық дереккөз
Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін елге оралды
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін Алматыға келді, деп хабарлайды Arainfo Sports.kz-ке сілтеме жасап. Алматы әуежайында Рахмоновты көптеген жанкүйерлері мен журналистер құрметпен қарсы алды. Dar Pro Team Instagram парақшасында Шавкаттың келген сәтінен түсірілген видео жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, 5 наурыз күні таңертең Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді (15-5) буындыру тәсілімен жеңді. Қазақстандық үшін бұл мансабындағы 17-ші жеңіс болды, сондай-ақ, ол бүкіл жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жартылай орта салмақтағы рейтингте Рахмонов алтыншы орынға көтерілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар