Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"ЖЕЛ ҰШЫРҒАН АНШЛАГТЫ КІМ ЖӨНДЕЙДІ?"

"ЖЕЛ ҰШЫРҒАН АНШЛАГТЫ КІМ ЖӨНДЕЙДІ?"
ашық дереккөз
"ЖЕЛ ҰШЫРҒАН АНШЛАГТЫ КІМ ЖӨНДЕЙДІ?"
– Біз Тараз қаласындағы «Арай» тұрғын үй алқабында тұрамыз. Жақында тұрған күшті жел үйімізге ілінген көшенің аты мен үй нөмірі жазылған тақтайшаны ұшырып әкетті. Енді тақтайшаны тұрғындар өзіміз қалпына келтіреміз бе, әлде жергілікті әкімшілік өз міндеттеріне ала ма? Әрине, тақтайшаны қалпына келтіру аса күрделі жұмыс емес. Дегенмен тұрғындар өзіміз жасасақ, әкімшілік тарапынан сұрау болмай ма? Заңдылығы қандай?

Мақсат ОРАЗЫМБЕТОВ, Тараз қаласының тұрғыны

– Тұрғын үйлерге ілінетін тақтайшалар бірізді болуы керек. Сондықтан көшенің атауы мен үй нөмірі жазылған аншлагтар жергілікті әкімдіктің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан жасалады. Тақтайшасы желге ұшқан үй иелері Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне көшенің аты мен үй нөмірін жазып қалдыруы қажет. Бөлім тарапынан 10 жұмыс күні ішінде жаңа аншлаг орнатылатын болады. Сондай-ақ тұрғынмен байланысу үшін ұялы телефонының нөмірін де қалдырғаны жөн.

Бақыт ТОҚСАНБАЕВА, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар