Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АУДАНДАР 100 ПАЙЫЗ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

АУДАНДАР 100 ПАЙЫЗ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН
ашық дереккөз
АУДАНДАР 100 ПАЙЫЗ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов өткен жылды қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Спикердің сөзінше, былтыр әділет департаменті қызметкерлері біршама маңызды жұмыстар атқарып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілген. Нұрғали Есіркепұлы облысымызда адвокаттардың санында тұрақты өсу динамикасы байқалатынын жеткізді. Қазіргі таңда адвокаттардың саны 237-ге жеткен. Барлық аудандар 100 пайыз адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген. Әділет департаменті 151 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасасыпты. Нәтижесінде есепті кезеңде 12 797 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген. Баяндамашының айтуынша, былтырғы жаңашылдықтың бірі – 2022 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Аталған заң мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар тұлғалардың және осындай көмекті көрсететін субъектілер тізімін кеңейтуге бағытталған. Заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін азаматтық істер және құқықтық консультация беру түрінде көрсете алады және адвокаттармен қатар, заң консультанттарының да көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарын өтеу мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін болады. Сонымен қатар жоғарыда аталған заңмен қолданыстағы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабында қарастырылған мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар шеңбері кеңейген. Облыс нотариустарының жалпы саны – 195 (2021 жылы – 184). Олар 457 924 нотариалдық іс-әрекет жасаған. Нәтижесінде облыс бюджеті 191 391 261 теңгеден астам сомаға салық түрінде толықтырылған. Жыл басынан бері нотариустардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) 52 (2021 жылы – 33) шағым келіп түссе, оның ішінде алтауы – негізделген өтініш. Негізделген шағымдар бойынша нотариустарға қатысты нотариаттық палатаға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 4 ұсыныс жолданған.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар