Жаңалықтар
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақтар табылды
- author AR-AY
- 1 ақпан, 2023
- 399
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақтар табылды
Жамбылдық полицейлер қару-жарақтың жасырын орындарын тапты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полицейлері қаңтар айының 27-29 күндері аралығында тағы да жасырын қару-жарақ орындарын анықталды. Тараз қаласы 2-ПБ полиция мамандары мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.
Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар табылды. Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды.
Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала
Өңірлік басылымдардың өзіндік жолы бар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Балық ресурстарының заңсыз айналымын алдын алу бойынша акция өтті
- авторAR-AY
- 28 наурыз, 2026




