Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алмақтың да салмағы бар

Алмақтың да салмағы бар
Автор
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Аслан Оразбековтің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында облыстың әлеуметтік қорғау саласында атқарылған негізгі жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы кеңінен мәлімет берілді.

Спикердің айтуынша, облыстағы халық саны 1 256 263 адамды құрайды. «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша барлығы 45 873 мүгедектігі бар адам тіркеліпті.

– Өткен жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша ортақ зейнетақы алушылардың жалпы саны 144 137 адамды, базалық зейнетақы алушылардың саны 136 643 азаматты құрады. Биыл зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері ұлғайтылды. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 10 пайызға артты. Еңбек кітапшаларын бұрмалау және еңбек өтілін жасанды түрде ұлғайту фактілері бойынша барлығы 462 іс анықталды. Сонымен қатар еңбек өтілінің сәйкестігін тексеру мақсатында департамент тарапынан 1 722 электрондық іс макеті қаралды. Жалпы тексерілген 2 184 істің ішінде 1 913 зейнетақы алушының еңбек өтілі расталып отыр. Ал 17 жағдайда еңбек кітапшаларының жалған екені анықталды. Осыған сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемі тоқтатылып, базалық зейнетақы мөлшері қайта қаралды. Қазіргі уақытта 254 іс тексеріліп жатыр. Бұл істер бойынша зейнетақы төлемін тоқтату немесе қайта қарау үшін еңбек өтілінің расталмауына байланысты зейнетақы алушыдан артық төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару туралы өтініш қажет. Еңбек өтілі расталмаған 17 алушы бойынша артық төленген қаражаттың жалпы сомасы 16 435 883 теңгені құрайды. Оның ішінде 12 377 152 теңге толықтай мемлекет бюджетіне қайтарылды. Қалған 4 058 731 теңге осы жылдың мамыр айында қайтарылады деп жоспарланып отыр. Расталмаған еңбек кітапшалары бойынша іс материалдары тиісті шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Сол секілді 2025 жылғы 25 қарашадағы №105 бұйрықпен жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің зейнетақы істерін тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына департамент қызметкерлері, әскери басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері енгізілді, – дейді Аслан Ұланұлы.

Тізім бойынша ардагерлердің жалпы саны 2 452 адамды құраған. Оның ішінде Семей ядролық сынақ полигоны, Чернобыль атом электр стансасы және басқа да радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан азаматтар саны 698 адам екен. Ал басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қатысушылары 1 754 адамды құраған. Тексеру нәтижесінде қаралған істердің ішінен 855 адамның ұрыс қимылдарына қатысу фактісі расталғаны белгілі болған. Оның ішінде екі азаматтың Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқаны сот тәртібімен заңды түрде анықталған екен. Сонымен қатар тексерілгендердің арасында бір адамның қайтыс болғаны тіркелген. Жауынгерлік іс-қимыл ардагерлерінің зейнетақы істерін тексеру жұмыстары әскери басқару органдарымен бірлесіп әлі де жалғасып жатқан көрінеді.

– Халықты әлеуметтік қорғау саласында бақылау бөлімі былтыр барлығы 37 тексеріс жүргізді. Оның ішінде 31 объектіге жоспарлы профилактикалық бақылау, 6 объектіге жоспардан тыс бақылау жүргізілді. Жоспардан тыс 6 тексерістің төртеуі прокуратураның тапсырмасы негізінде, ал екеуі жеке азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылды. Мүгедектігі бар адамдардың ғимараттарға кіріп-шығуына қолжетімділігін тексеру (№6 бақылау парағы) бойынша 16 мекеме қамтылды. Оның ішінде 10-ы профилактикалық бақылау аясында, екеуі азаматтардың өтініші бойынша, төртеуі прокуратураның тапсырмасы негізінде тексерілді. Стационарлық және жартылай стационарлық жағдайларда қызмет көрсетуді қамтамасыз ету саласы бойынша 10 мекеме тексерілді. Үйде қызмет көрсету жағдайында жеке оңалту бағдарламасының орындалуына қатысты 11 мекемеде тексеріс жүргізілді.  Жоспарлы 31 тексерістің ішінде 11 жұмыспен қамту орталығы, 10 стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі қызмет көрсету орталығы, 5 балабақша, 2 мектеп және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қамтылды. Осы зерделеудің 29-ы объектіге барып жүргізілді, ал 2 тексеріс прокуратура органдарында тіркелмеуіне байланысты объектіге бармай-ақ бақылау түрінде жүзеге асырылды, – дейді А.Оразбеков.

Жалпы 37 тексерістің нәтижесінде 17 субъект бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылыпты. Барлығы 53 кемшілік анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 40-ы қалпына келтірілген.

Сонымен қатар жоспардан тыс жүргізілген 2 бақылау барысында бұзушылықтар анықталып, әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде 470 920 теңге көлемінде айыппұл өндіріліпті.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар