Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТАДЫ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТАДЫ
ашық дереккөз
ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚУАНТАДЫ
Облыста құрылыс қарқыны жыл санап артып келеді. Әсіресе тұрғын үй құрылысы индустриясын дамытуға барынша басымдық беріліп, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Жемісті жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар шын мәнісінде ел игілігіне қызмет етіп, сан мыңдаған отбасының арманы ақиқатқа айналуда. Халық саны өсіп, тұрғын үйге сұраныс көлемі күн санап артып жатқан кезеңде баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың ерекше қарқын алғаны көңіл қуантады.  Облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, тек тұрғын үй емес, басқа да сан салада құрылыс қарқыны қамшы салдырмас екпінмен алға озған. 2022 жылы құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 194,7 миллиард теңгені құрайтын 221 жобаға бюджеттен 88,7 миллиард теңге бөлініп, іске асырылып жатқан көрінеді. Қолға алынған жобалардың 121-і 2022 жылы тапсырылуы тиіс болса, 100 жоба келесі жылға өтпелі. Аталған жобалардың 120-сы (33,1 миллиард теңге) «Нұрлы жер», 45-і «Ауыл – ел бесігі» (6,3 миллиард теңге), 31-і «Өңірлерді дамыту» (15,7 миллиард теңге), 3 нысан құрылысы Үкімет резервінен (26,1 миллиард теңге) және 22-сі білім беру субвенциялары (7,5 миллиард теңге) есебінен қаржыландырылыпты. – Жыл басынан бері 72 нысанның құрылысы аяқталды. Екі айда 49 нысанды пайдалануға беруіміз қажет. Былтырғы жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы көлемі 19,8 миллиард теңгеге асты. Сала бойынша атап шықсақ, білім саласында 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылы 7,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, 12 нысанның құрылысы аяқталды. 2 нысан биыл тапсырылса, 6 нысан құрылысы 2023 жылы аяқталады. Сондай-ақ 5 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында облыс көлемінде 2023 жылы 11 мектеп құрылысы басталады. Денсаулық сақтау саласында да атқарылған жұмыстар аз емес. Сметалық құны 63,3 миллиард теңгені құрайтын 27 денсаулық сақтау нысанының (9-ы 2021 жылдан өтпелі) құрылысына 2022 жылы 34,1 миллиард теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 20-сы тапсырылады. 7 нысан 2023 жылға өтпелі. Қазіргі таңда 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Биыл спорт саласында облыс бойынша 2,7 миллиард теңгеге 19 нысанның құрылысы жүріп, нәтижесінде 6 спорттық сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 13 нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Бүгінгі күнде 2 нысан құрылысы аяқталды, – деді Ерлан Құрмантайұлы. Басқарма басшысы келтірген деректерге сүйенсек, мәдениет саласында 12 нысанның құрылысына (1-еуі 2021 жылдан өтпелі) 1,8 миллиард теңге қаржы бөлініпті. Биыл 4 нысанның құрылысы толық аяқталады. 8 нысан 2023 жылға өтпелі. Сонымен қатар әлеуметтік салаға 2,7 миллиард теңге қаралып, Тараз қаласында 150 және Шу ауданында 48 орындық оңалту орталығының іргетасы қаланған. Оңалту орталықтарының құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал ауыл шаруашылығы саласында 2,9 миллиард теңгеге 2 нысанның құрылысы басталған. Жыл қорытындысымен 1 нысан («Тасөткел» бөгетін қайта жаңарту) пайдалануға тапсырылады. Ал 1 нысан (Талас өзенінің жағалауын бекіту) 2023 жылға өтпелі. – Жалпы басқарма 2 әлеуметтік-экономикалық көрсеткішке тікелей жауапты. Ол – құрылыс жұмыстарының көлемі мен пайдалануға берілетін тұрғын үй. 2022 жылы құрылыс саласына 231,2 миллиард теңгеге инвестиция тарту межеленіп, құрылыс жұмыстарының көлемін 103,1 пайызға орындау белгіленді. Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін биыл 710,6 мың шаршы метрге жеткізіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4 пайызға асыра орындау жоспарлануда. Қазіргі таңда облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 37 343 азамат тіркелген. Соңғы 6 жылда бюджеттік тұрғын үй құрылысының өсу серпіні байқалады. 2016 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген пәтер саны 3,3 есеге өсті. Бұған қарамастан кезекке тұру қарқыны жыл сайын ұлғаюда. Мысалы, 2021 жылы 2 334 кезектегі адам баспанамен қамтылса да кезектілік 6 334 адамға артты. Яғни бір жылда 8,9 мыңнан аса азамат кезекке тұрды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы құны 24,7 миллиард теңгеге 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (22 нысан 2021 жылдан өтпелі). Жыл қорытындысымен 2 680 пәтерлі 40 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазір 1 320 пәтерлі 19 үйдің құрылысы аяқталды, – дейді Е.Орынбаев. Сонымен қатар облыс бойынша жеке тұрғын үй салу үшін жер алуға 168 033 азамат кезекте тұр екен. Басқарма басшысының айтуынша, бір жылдың 10 айында кезекке 40 мың азамат қосылған. 2022 жылы 8,3 миллиард теңгені құрайтын 19 алқапта 32 жобаның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында 31 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Ал қалған 1 нысан 2023 жылға өтпелі. Нәтижесінде 3 198 жер телімі кезекте тұрғандарға тартуға дайын болады. Осы орайда айта кетейік, тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары ерекше қарқын алған. Мәселен, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов баспана қай уақытта да өзекті мәселе екенін, бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстарға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп жатқанын айтады. Аудан әкімінің айтуынша, сол өңірдегі«Арай» тұрғын алқабында 2 үйдің құрылысы толық аяқталыпты. Сонымен қатар үшінші 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр екен. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. – Бүгінгі күнге көпқабатты бірінші үйдің инженерлік желілері мен абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстарына 88,7 миллион теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда 80 пайызға жұмыс атқарылып, қаржының 64,3 миллион теңгесі игерілді. екінші үйдің инженерлік желілері мен абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстарына 2022 жылға облыстық бюджеттен 27,6 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүргізуге бастапқы құжаттар дайындалуда. Аталған алқаптағы тұрғын үйлерге жылыту жүйесін қосуға 2784 кВт құрайтын модульдік қазандық орнатуға жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «Ай-Дин Тараз» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қосымша 88 миллион теңге облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Көгершін, Ақыртөбе, Р.Сабденов ауылдарына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, Көгершін ауылына 90 орындық клуб тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Тізбелей берсек, бұдан бөлек те құрылыс саласында жүзеге асып жатқан жобалар жетерлік. Жыл бойы атқарылған жұмыс ауқымды. Тиісінше алда тұрған міндеттер де аз емес, – дейді Ернар Есіркепов. Жоғарыда келтірілген деректерден Тараз қаласы, аудан орталықтары, елді мекендер алып құрылыс алаңына айналғанын байқауға болады. Ал құрылыс қарқын алса елдің де еңсесі тіктеліп, тұрмысы жақсара түседі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар