Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АУЫЗСУ АЗАБЫНАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

АУЫЗСУ АЗАБЫНАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
ашық дереккөз
АУЫЗСУ АЗАБЫНАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Жалпы ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауызсу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», дей келе, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар алдына өткір, өзекті, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу туралы тапсырмалар берді. Жолдау жүктеген міндеттер облысымызда қалай орындалуда? Бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды? Алдағы жоспарлар қандай? Біз жүктелген жұмыстар мен маңызды міндеттердің, талапты тапсырмалардың орындалуын, жемісі мен нәтижесін саралап көрген едік. Сонымен... Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауызсу мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағыты айқындалғанын айтып, маңызды жоспарлармен бөлісті. «Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауызсу мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық. Биыл 30 елді мекендегі 40,2 мың тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізеді. 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауызсумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады. Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың ауызсу жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулін орнатуды белгіледік» деп, аймақ басшысы жағымды жаңалықпен бөлісті. Қош, мақсат айқын, талап жоғары. Жылдың аяқталуына санаулы апталар ғана қалды. 2022 жылдың жоспары қалай орындалды? Биыл қанша елді мекенге таза ауызсу тартылып, қанша елді мекен көгілдір отынға қосылды? Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтан сұрап білдік. Құдайберген Нұрсерікұлының айтуынша, 2021 жылдың қорытындысымен орталықтандырылған ауызсуға қол жеткізу көрсеткіші қалаларда 419 мың адам немесе 91 пайыз, ал ауылдық елді мекендерде 612,2 мың адам немесе 88,8 пайызды (267 ауылдық елді мекен – 72,7 пайыз) құрапты. Облыс аумағындағы қалаларда (Тараз, Шу) бүгінгі күнге 41,3 мың адам немесе 18 тұрғын алқап орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілмеген. – 2022 жылы 49 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде. 35 жоба жыл соңына аяқталса, 14 жобаның құрылысы 2023 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен Тараз қаласындағы 6 тұрғын алқапта (Тектұрмас, Жиделі, Көлтоған, Қызылабад, Қарасай, Казарма) тұратын 6,4 мың адам орталықтандырылған ауызсумен қамтылып, қамту көрсеткіші 92,4 пайыз немесе 425,4 мың адамды құрайтын болады. Сонымен қатар 30 ауылдық елді мекенде тұратын 40,2 мың адам орталықтандырылған ауызсумен қамтылып, қамту көрсеткіші 94,6 пайыз немесе 652,4 мың адамды құрайды деп күтілуде. Облыс елді мекендерін 2025 жылға дейін 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтудың жоспары бекітіліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қалалар 2022 жылы – 92,4 пайыз, 2023 жылы – 97,5 пайыз, 2024 жылы – 98,8 пайыз, 2025 жылы 100 пайыз ауызсумен қамтылады. Ал ауылдық елді мекендерде 2022 жылы – 94,6 пайыз, 2023 жылы – 96,5 пайыз, 2024 жылы – 98,3 пайыз, 2025 жылы 100 пайыз орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады, – дейді Құдайберген Нұрсерікұлы. Байқағанымыздай, алдағы жоспар ауқымды. Атқарылатын жұмыс нақтыланған. Қазіргі таңда облысымыздың әр аймағында тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыс орталығына іргелес орналасқан Жамбыл ауданында 2022 жылы 2 елді мекенде (Бесағаш, Түрксіб) ауызсу құбырының құрылысы аяқталады. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының сөзіне сүйенсек, аймақтағы 42 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауызсумен (71,4 пайыз) немесе жалпы тұрғындардың 88,8 пайызы (76 028 адам) қамтылған. 12 елді мекен ауызсумен қамтылмай отыр. Қаракемер ауылында да ауызсу құбырының құрылысы басталған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты биыл аяқталмай қалу қаупі бар екен. Сонымен қатар 4 шағын елді мекен (Құмсуат, Сеңгірбай, Әулиекөл, Көлқайнар) суды тазартудың жеке блок модульдік қондырғыларын орнату арқылы ауызсумен қамтылады. Нәтижесінде жыл қорытындысымен ауызсумен қамтылған елді мекендер саны 37-ге, қамтылу деңгейі 88 пайызға жетеді. – 2023 жылы 4 елді мекенді (Бектөбе, Қызылшарық, Кемел, Жаңа Өткел) ауызсумен қамту көзделген. Бүгінгі таңда бұл мақсатта нысандардың жобалық құжаттары әзірленуде. Жобалық құжаттары толығымен аяқталысымен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. 2024-2025 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасымен кезінде қайта жаңғыртудан өткен Өрнек, Ерназар ауылдарының ауызсу мұнараларын жаңғырту жоспарланған, – дейді Ерлан Қыдыралыұлы. Осылайша облысымызда жыл санап ауызсумен қамтудың ауқымы кеңейіп келеді. Егер жоспарлы жұмыстар өз деңгейінде жүргізілсе, аз жылда жамбылдықтар ауызсу азабынан толықтай құтылатын болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар