Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жолдағы қабылдаудың» пайдасы мол болды

«Жолдағы қабылдаудың» пайдасы мол болды
Автор
Қоғамда «Заң және тәртіп» қағидаты көрініс табуы үшін әділетсіздікке жол берілмеуі керек. Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған мәселелер дер кезінде шешілуі қажет. Сондай-ақ кез келген адамның заң талаптарына бағынуы, заңнан хабары болуы, қоғамдық тәртіпті сақтауды өзіне басты міндет санауы да аса маңызды. Сонда ғана ел ішінде құқықтық мәдениет қалыптасады және жұртшылықтың болашаққа деген сенімі сөнбейді.

Жақында облысымызда «Заң және тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асыру аясында «Жолдағы қабылдау» профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара тұрғындардың өзекті мәселелеріне құлақ түріп, оның жедел шешімін табуды және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздеді.

Акция барысында әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметінің мамандары қоғамдық орындарда азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарына қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тараз қалалық полиция басқарма сының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Фархат Имашевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

– Бастаманың басты мақсаты – халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, олардың арыз-шағымдарын қабылдау, мәселелерін шешу. Сонымен қатар өз құзыреттілігіміз аясында мәселелерді заң шеңберінде шешуге көмек көрсету. Жыл басынан бері осындай шаралар шамамен 10-15 рет өтті. Алдағы уақытта да жалғасатын болады, – деді Ф.Имашев.

Акция барысында 107 адам мамандар көмегіне жүгінді. Олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, шетел азаматтары үшін ықтиярхат пен жұмыс істеуге рұқсаттарды рәсімдеу, қылмыстық істердің тергелу барысы, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, бейнекамералар мен жолдарға жасанды кедергілер орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕКОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар