Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді

«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
Автор
25 сәуірде Талас ауданында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.

Бұл іс-шара облысымызды Грейг қызғалдағының отаны ретінде әлемдік қауымдастыққа танытуға және өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.

Өңірдің туристік әлеуетін таныту, табиғи қызғалдақ ландшафтарын сақтау және оны өңір бренді ретінде дамытуды мақсат еткен іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Фестиваль барысында табиғи таза қымыздың дәмін татып, оның дайындалу әдістерімен танысу мақсатында «Қымызмұрындық» рәсімі, қолөнер көрмесі мен сауда жәрмеңкесі, түрлі ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Фестиваль аясында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ерекше бастама – Нидерланд Корольдігінен облысымызға 40 000 дана қызғалдақ тұқымы сыйға тарту жоспарланып отыр. Бұл қызғалдақтар өңір аумағында отырғызылып, болашақта аймақтың табиғи келбетін көркейтуге және туристік тартымдылығын арттыруға үлес қосады.

Фестиваль өңірлік экономиканың дамуына, оның ішінде ішкі және халықаралық туризмді дамытуға, халықаралық мәдени, ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар