Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Заңнаманы бұзған 940 шетелдік жауапкершілікке тартылды

Заңнаманы бұзған 940 шетелдік жауапкершілікке тартылды
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арай Айымбектің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында спикер салада атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, өңірдегі көші-қон жағдайына тоқталды.

Арай Данабекқызының айтуынша, биыл облысымызға 5 969 шетел азаматы (өткен жылы – 5 667) келіпті. Олардың барлығы да ТДМ-ға мүше елдердің азаматтары. Оның ішінде 5 320 адам жұмыс істеуге, 157-сі тұрақты тұруға келген. Сондай-ақ 18-і шетелдік студент болса, 441-і отбасымен қайта қосылу үшін Әулиеата өңіріне табан тіреген. Сондай-ақ өзге мақсатта 33 адам келген.

– Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 940 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 269-ы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы дәл осы кезеңде 1 048 адам жауапкершілікке тартылып, 267 адам елден шығарылған болатын. Заң бұзушылардың басым бөлігі Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары. Сонымен қатар Қытай, Үндістан, Түркіменстан және Бангладеш елдерінің азаматтары да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Арай Данабекқызы.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, облыста 6 мыңнан астам шетел азаматы тұрады. Бір айта кетерлігі, шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар тарапынан да заңбұзушылықтар анықталыпты. Нақтырақ айтсақ, шетелдіктердің ел аумағында заңсыз жүруіне жағдай жасаған 189 Қазақстан азаматы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Ал заңсыз еңбек көші-қонын ұйымдастырғаны үшін 43 азамат жауап берген. Сонымен бірге иммиграциялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалған екен.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕК

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар