Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сұлулық пен шеберлік тоғысқан сәт

Сұлулық пен шеберлік тоғысқан сәт
Автор
Жуырда «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйелмен әлем әдемі» атты сұлулық байқауы өтті.

Байқау орталық жанындағы кәсіптік курстарды аяқтап, өз ісінің маманы атанған қыз-келіншектердің шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етті. Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға қолдау көрсету де назардан тыс қалмады. Сайысқа «Бет әрлеу шебері» және «Тырнақ әрлеу шебері» бағыттары бойынша білім алған қатысушылар қатысты.

Ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кеш барысында өнерпаздар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Байқау қорытындысында «Бет әрлеу шеберлігі» номинациясы бойынша бірінші орынды Ақмарал Қалымбетова иеленді. Екінші орын Шырайым Тәжіқұловаға бұйырса, үшінші орынды Дариға Пернебаева қанжығасына байлады. Ал Алсу Бердіғалиева «Тырнақ әрлеу» номинациясын жеңіп алды. Екінші орынға Зухра Байтуяова лайық деп танылса, үшінші орынды Жансая Әділханқызы місе тұтты.

Қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, финалдық кезеңде модель-аналар қызыл кілеммен жүріп өтті. Бұл сәт кештің ең әсерлі кезеңдерінің біріне айналды.

Іс-шара соңында жеңімпаздар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ал модель ретінде қатысқан аналарға ерекше сыйлық – қолөнер бұйымы «Фермуар» сөмкелері табыс етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары ұсынылды.

Айдана СӘРСЕНОВА,

М.Х.Дулати атындағы

Тараз университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар