Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қолөнершілер қадамы қуантады

Қолөнершілер қадамы қуантады
Автор
«Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңарған қолтаңба» атты қолөнершілердің есептік көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – өткен жылдың 25-26 қарашасында өткен «Қолөнершілердің кәсіби біліктілігін арттыру» бағдарламасы аясында іріктеуден өткен шеберлердің аралық нәтижелерін таныстыру. Бағдарламаға қатысқан қолөнершілер ағаш өңдеу, қыш өнері, зергерлік және жібек бағыттары бойынша шеберлік сабақтарынан өтіп, тәжірибесін жетілдірді.

Оқыту аясында шеберлер Ташкент және Самарқан қалаларында, сондай-ақ Бішкек шаһарында тәжірибе алмасып, шетелдік мамандардан тәлім алды. Көрмеде сол сапарлардың нәтижесінде жасалған қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, сондай-ақ оқыту бағдарламасынан өткен 14 қолөнерші қатысты.

Бұл көрме тек өнер туындыларын көрсетуді ғана мақсат тұтқан жоқ, сонымен қатар әрбір бұйымда сақталған мәдени мұра мен шеберліктің үндестігін танытуды көздеді. Мұндағы ағаштан ойылған әрбір бұйым шебердің ықыласы мен табиғаттың сұлулығын бейнелейді. Ою-өрнекті ыдыстар мен мейрамханалық жиһаздар, қонақ бөлменің сәнін арттыратын дүниенің барлығы да дәстүрлі қазақ оюларымен безендірілген. Ал қыштан жасалған ыдыстар мен сәндік бұйымдар ұстаның қолының тазалығын білдіріп тұр.

Көздің жауын алған білезік, сырға, алқа мен моншақ сынды әрбір әшекей шебердің талантының айқын көрінісі. Жібектен тігілген дәстүрлі киімдер мен сәндік аксессуарлардың көрінісі тіпті ерекше назар аудартады. Әрбір бұйым шебердің талантын, дәстүр мен заманның үндестігін білдірді.

Іс-шара барысында оқыту нәтижелері қорытындыланып, шеберлердің жетістіктері талқыланды. Сонымен қатар қолөнер саласын дамытуға бағытталған пікірлер мен ұсыныстар айтылды. 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар