Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тіл оқыту курстарынан 4 671 адам тегін өтті

Тіл оқыту курстарынан 4 671 адам тегін өтті
РСК
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Дәурембековтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында орталықтың этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары кеңінен таныстырылды.

Спикер басқарма тарапынан тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырамдамасы аясында тіл үйрену мүмкіндіктерін ұсыну, мемлекеттік тілге қатысты ынталандыру іс-шараларын үйлестіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің, ұлттық бірегейлігіміздің және қоғамдағы этносаралық келісімнің басты негізі. 2025 жылы тіл оқыту курстарынан 4 671 адам тегін өтсе, оның ішінде қазақ тілі курсына 4 135 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 536 адам тартылды. Елімізде азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау – «Қазтест» жүйесі арқылы анықталады. Тұжырымдамадағы нысаналы индикаторда «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесін 2025 жылы 39 пайызға жеткізу көзделген. 2025 жылы облыс бойынша 1 338 адам диагностикалық тестілеуден өтіп, нысаналы индикатор 73,6 пайызға орындалды. 2025 жылы жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі форматтағы 144 іс-шара (4 байқау, 1 кездесу, 1 семинар, 2 интеллектуалды сайыс, 1 форум, 1 әдеби-сазды кеш, 2 челлендж, 6 акция, 1 кездесу, 12 ашық сабақ, 113 клуб отырысы) ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық адам қамтылды. Тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырамдамасын жүзеге асыру мақсатында биыл бірнеше маңызды іс-шараны өткізу жоспарланып отыр. Тоқталып өтер болсақ, қазақтың маңдайына біткен алып тұлға, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы дала абызы» атты поэзия марафоны, яғни жыр оқу сайысы ұйымдастырылады. Бұл іс-шара Жамбыл шығармашылығын насихаттап, жас ұрпақты әдебиетке тартуға бағытталған. Мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау бойынша оқытушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқау, этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау, «Қазақша тіл үйренейік!» атты жобасы аясында А2 базалық деңгейінде қазақ тілін меңгертуге арналған 20 бейнесабақ «YouTube» каналында жарияланады, – деді Қуаныш Кәрібайұлы.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді оқытудың 2026 жылға арналған жол картасы 4 273 адам болып бекітілген. Есепті мерзімде тіл оқыту курстарынан 1 093 адам өтсе, оның ішінде қазақ тілі курсына 958 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 135 адам тартылыпты.

Сондай-ақ биыл «Face ID» жүйесін жүргізу қызметтеріне техникалық қолдау көрсету үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар