Акцияға қатысушылар тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі сату туралы ақпарат беретін тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтемелер бар граффити-жазбаларды өшірді. Қазіргі уақытта аталған интернет-сайттар бұғатталды. Осындай жазбаларды қабырғаларға салған және таратқан тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Есірткі заттарын насихаттайтын немесе олар туралы заңсыз жарнама тарататын граффитилер салу – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыс болып табылады. Бұл бапқа сәйкес, кінәлі тұлғалар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал қылмыс алдын ала сөз байласқан адамдар тобы тарапынан жасалса 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар, есірткі заттарын «жасырын салымдар» (закладка) арқылы таратумен айналысатын тұлғалар ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша жаза 5 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, ал егер есірткі оқу орындары аумағында сатылса өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер сізге есірткі сақтау, сату, притондар ұйымдастыру, қабырғаларға граффити жазу немесе интернет арқылы есірткі тарату фактілері белгілі болса, бұл туралы анонимді түрде Telegram-бот «Narko Shekteu Taraz» немесе 102 нөмірі арқылы хабарлаңыз. Құпиялылық сақталатын болады.
Облыстық полиция департаменті өңір тұрғындарын ұлт денсаулығына және жас ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін бұл мәселеге бейжай қарамауға шақырады.
Бірлесе әрекет ету арқылы есірткінің таралуының алдын алып, қоғамның саулығын сақтай аламыз.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қзыметі




