
Жастардың іздеп жүріп оқитын басылымына айналған «AR-AI» – әр жасқа өз ойын айтуға, шығармашылық қабілетін танытуға мүмкіндік берді.
20 жыл – бір буынның жастығы мен арманына куә болған кезең. Осы жылдар аралығында «AR-AI» талай жасқа қанат бітіріп, арманын ұштаған киелі ұяға айналды.
Жалынды жастықтың жаршысы, арман мен үміттің алауы болған «AR-AI» газетінің 20 жылдық мерейлі белесі құтты болсын! Осы белесті жастардың рухы мен жалын-жігерінің, арман мен еңбектің, талант пен табандылықтың жеңісі деп айтуға әбден болады.
«Сөз – семсер, қалам – қуат» демекші, «AR-AI» өзінің ерекше бағыты, ұстанымы арқылы оқырманның ойынан шықты, халқының жүрегіне жол тапты.
Көкейінде оты бар жас өреннің ертеңге деген сенімін нығайтқан «AR-AI» алдағы уақытта да жарқын жолынан жаңылмасын! Жарық жұлдыздай жарқыраған «AR-AI» – жалынды жастардың айнасы, сөз өнерінің самалы, ел рухының шамшырағы бола берсін!
Дүйсенәлі БЫҚЫБАЕВ,
облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы