
Тараз қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Дана Абайдың дара жолы» атты әдеби бульвар ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Шараны Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Д.А. Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірлесе өткізді.
Іс-шара облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жүзеге асқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында өтті.
Бульварда жеті шығармашылық аймақ жұмыс істеді. Онда Абайдың балалық шағынан көріністер қойылып, дәстүрлі емес кітап көрмелері, квест-ойындар мен жас суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ түрлі этнос өкілдері Абай шығармаларын өз тілдерінде оқып берді.
Шараға зиялы қауым өкілдері мен 200-ге жуық оқырман қатысып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын дәріптеуге атсалысты.
Келесі мақала