Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Теміржолшылар құрмет төрінде

Теміржолшылар құрмет төрінде
Автор
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Кәсіп – игергендікі, жұмыс – еңбектенгендікі» жобасы аясында «Теміржол тарландары» тақырыбында теміржол саласының мамандарымен және ардагерлерімен кездесу өтті. Жастар тағылымды кеште еңбек адамдарының насихат сөздеріне қанық болып, жұмысшы мамандықтары аясында өз пікір-ойларын жеткізіп, лебіздерін арнады.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарға болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. Жас ұрпақты адал азаматқа тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік сынды қасиеттерге баулу да басты мақсаттың бірі. Сондай-ақ білімге құштар болу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену сияқты асыл құндылықтардың барлығы нағыз еңбек адамының бойынан табылатынын ұлт ұрпағына ұғындыру.

Кездесуде «ҚТЖ» филиалы Тараз стансасының коммерциялық агенті Інжу Шаханова мен аталған мекеменің аға жүк және багаж қабылдап тапсырушысы, еңбек ардагері Болат Ысқақов арнайы қонақ болды.

Алдымен сөз алған Болат Ысқақов өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сауалдарына жауап берді. Оның айтуынша, жүктің уақытылы жеткізілуі мен багажды дұрыс тапсыру үлкен сенім мен зор жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Сан жылдар бойы осы сенімді ақтап, халықтың амандығы мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей ықпал ету кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Осындай тұлғалар ел ішінде құрметке бөленіп, жастарға өнеге бола біледі.

Іс-шара барысында Інжу Шәйімбетқызы да жастарға жұмысшы мамандықтарының маңызы жөнінде кеңінен әңгімелеп, қарапайым жұмысшы мамандардың ерен еңбегін айрықша атап өтті.

Кездесу соңында кітапхана дриекторының атынан теміржол саласының мамандарына арнайы алғыс хат беріліп, олар жастармен бірге естелік суретке түсті.

 

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар