Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таутұлға тағылымы

Таутұлға тағылымы
Автор
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» ойталқы кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімшесінің төрағасы Қибат Асқарбеков, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы,  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев шақырылды.

Қонақтар тұғыры биік тұлғаның тағылымды ғұмырынан өнеге алып, оны бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, болашаққа бағыт-бағдар жасау қажеттігін атап өтті. Басқасу аясында  кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Ой талқыға ҚР Ұлттық ұланы  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5513  әскери бөлімі және ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты облыстық  мамандандырылған күзет қызметі басқармасының сарбаздары қатысты. Шара барысында олар тың деректермен танысып, тарихи тұлғаның елге қызмет ету жолындағы қайраткерлік болмысы туралы ой түйіп тарқасты.

 

Гүлден Асубаева, 

облыстық Ш.Уәлиханов атындағы

әмбебап ғылыми кітапханасының

мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар