Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні

Бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні
ашық дереккөз
2 сәуір – еліміздің әскери теңізшілері үшін ерекше күн. 1993 жылдың дәл осы күні Президент Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құрылған болатын, деп хабарлайды arainfo.kz

Қарулы күштердің бұл түрі Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық мүдделерін қорғайды.

Әскери теңізшілер теңізде жүзудің навигациялық-гидрографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Олар Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау мен бақылау функцияларын орындауға көмек көрсетеді.

Бүгінде Әскери-теңіз күштері отандық және шетелдік өндірістің заманауи кемелерімен жарақтанған. Сонымен бірге жаңа заманғы тренажерлермен жабдықталған оқу орталығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, орналастыру пункттері және жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ететін басқа да негізгі элементтерді қамтитын дамыған инфрақұрылымы қалыптасқан.

Кеме экипаждары елімізде және шетелдерде өтетін әскери оқу-жаттығуларға тұрақты қатысып тұрады. Теңізде қызмет ету тек батыл әрі төзімді, әскери достықтың құны мен қатаң тәртіпті бағалай білетін адамдарға ғана тән қасиет. Терең білім, жоғары кәсіби шеберлік және жауынгерлік дайындық әскери теңізшілерге кез келген жағдайда үйлесімді әрекет етіп, теңіз шекараларын сенімді қорғаудағы ең күрделі деген тапсырмаларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар