Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аграрлық сала білімді қажет етеді

Аграрлық сала білімді қажет етеді
Автор
Облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты Құлан агротехникалық жоғары колледжі, №10 Шу және №9 Меркі колледждері мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумдарға қол қойылды.

Келісім аясында тараптар білім беру, ақпараттық технологиялар және басқа да салаларды зерттеулер мен тәжірибе алмасуды, білім алушылардың өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өтуін, білім беру бағдарламалары саласында өзара әрекеттестікті жолға қоюды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бірлескен конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру, тиісті консультациялар өткізу және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында да ынтымақтастық күшейтіледі.

Кездесу барысында ауылшаруашылығы саласында инновациялық технологияларды енгізу, жаңа буын мамандарды даярлау және аграрлық секторда стартап-жобаларды қолдау бойынша нақты іс-шаралар жоспары жасақталды. Жақын уақытта бірлескен зерттеу орталықтарын құру, тәжірибелік-эксперименттік алаңдар ұйымдастыру, агротехнологиялар саласында жаңа жобалар жүйесін жүзеге асыру және ауылшаруашылығында цифрландыру үдерістерін дамытуға бағытталған жол картасын әзірледі.

Меморандумның басты мақсаты – өңірдегі аграрлық білім, ғылым және өндіріс интеграциясын дамыту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бастама ауылшаруашылығы саласында инновациялық даму мен ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізудің тиімді алаңына айналмақ.

Екі тараптың да мүддесіне сай жүзеге асатын бұл ынтымақтастық алдағы уақытта өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға және жаңа буын мамандарды сапалы даярлауға тың серпін береді.

Облыс әкімдігі білім басқармасының

баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Таутұлға тағылымы
Алдыңғы мақала
Таутұлға тағылымы

Ұқсас жаңалықтар