
Рақымшылық актісі мемлекет тарапынан жасалған ізгілік пен сенімнің көрінісі ретінде қабылдануда. Аталған заң аясында бірқатар сотталғандардың істері қайта қаралып, әлеуметтік осал топқа жататын, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған азаматтарға жаза жеңілдетілді.
№59 мекемесінен бостандыққа шыққан азаматқа қажетті құқықтық және психологиялық көмек көрсетіліп, оны қоғамға бейімдеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметінше, мұндай шаралар сотталғандардың қайта әлеуметтенуіне, қылмыстық қайталанудың алдын алуға және олардың отбасына, қоғамға оралуына ықпал етеді.
Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық — бұл мемлекетіміздің адамгершілік пен әділдік қағидаттарына негізделген қылмыстық саясат жүргізуінің айқын көрінісі.
Инватаксилер санын арттыру керек
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025
Таразда мас күйде автобус жүргізген азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2025