Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мұз үстінде 40 адам құтқарылды - ТЖ

Мұз үстінде 40 адам құтқарылды - ТЖ
ТЖ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдейді, деп хабарлайды arainfo.kz

Жаңа техниканы қолдану құтқарушыларға су айдындарын жылдам тексеруге, жұқа мұз басқан қауіпті учаскелерді анықтауға және төтенше жағдайларға уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Өтімділігі жоғары  және мобильді техника жетуі қиын жерлерге жетуге мүмкіндік беріп, құтқару операцияларының тиімділігін арттырады. Жыл басынан бері 15 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді.

Профилактикалық жұмыс барысында құтқарушылар азаматтарға мұз үстіне шығудың қаупі туралы ескертіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Заманауи техникамен қамтамасыз етілуі мен құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында қысқы кезеңнің басынан бері 40 адам, соның ішінде 15 бала құтқарылды, бұл халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар