Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіпорындарың сұранысы ескерілуде

Кәсіпорындарың сұранысы ескерілуде
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе екенін, бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет екенін атап өткен болатын.

Осы орайда Президент: «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», – деп нақты міндеттер жүктеді.

Расында еңбекқорлықпен кәсібилік кім-кімді де нағыз маман ретінде қалыптастырып қана қоймай, биік белестерге бастайтындығы сөзсіз. Бұл тұрғыда Жаңатас көпсалалы колледжі де жергілкті жерде орналасқан кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, білікті мамандар даярлауға басымдық беріп келеді. Қазігі таңда аталған оқу орнында кәсіпорындардың қажеттіліктеріне орай 12 мамандық ашылған. Атап айтқанда, студенттер «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту)», «Сандық техника», «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Маркшейдерлік іс», «Зертханалық технология», «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы», «Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «Тамақтандыруды ұ й ы м д а с т ы р у » , « Д ә не к е р леу і с і » , «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша дәріс алуда.

– Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажеттігін, Үкімет колледждерді бітірген түлектерді мамандығына қарай еліміздегі өндіріс орындарына қызметке алу мүмкіндігін қарастыруы тиіс екенін атап көрсетті. Сондай-ақ Президент жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда нағыз еңбекқор мамандар қалыптасатынын, өңірге қажетті жұмысшы мамандықтарын даярлауға өндіріс орындарының ықпалы зор екенін жеткізді. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестік арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдылары нығаяды, өндірістік жағдайда өзіндік шешім қабылдау іскерлігі артады. Әлеуметтік серіктестер ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Сапалы білім беру – қай кезде де қоғамның басты құндылықтарының бірі. Қоғамның әлеуметтік және ғылымитехникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда әрбір жеке тұлғаның білім деңгейіне және шығармашылық дамуы мен кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар да арта түсуде. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген. Осындай маңызды басымдықтарды басшылыққа ала отырып, біз жергілікті кәсіпорындармен жүйелі жұмыстар атқарып келеміз. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына байланысты бұл бағыттағы шаруалар жандана түсуде. Мысалы, автомобильдерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану саласы бойынша «Тау-кен ауыр және жеңіл автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және жүргізу» атты «Autoskills» орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар мансап орталығына Жаңатас көпсалалы колледжін 2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдары бітірген түлектердің тізімдері берілді. Сондай-ақ «Еврохим – Удобрения» ЖШСмен екіжакты меморандум және екіжакты келісімшарт жасау ұсынылды. Бұдан бөлек мансап орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне биыл бітіретін 8 топтағы 126 білімгердің қатысуын қамтамасыз ету көзделуде, – дейді Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Нұрландия Түйтебаева.

Бүгінде Сарысу ауданы қарқынды дамып келеді. Аймақта ауылшаруашылығы, құрылыс салаларымен қатар, өнеркәсіп өндірісі де өркендеуде. Қарт Қаратаудың қойнауынан қазына терген инвесторлар бюджетке қомақты салық түсімдерін құюдан бөлек, жергілікті тұрғындарды көптеп жұмысқа қабылдауда. Ең бастысы, мамандар біліктілік талаптарына сай болуы шарт. Бұл тұрғыда Жаңатас көпсалалы колледжіне артылған жауапкершілік жүгі де жеңіл емес. Дегенмен нақты жұмыс өз нәтижесін беріп келеді. Б ү г і н д е « Г П К Қ а з ф о с ф а т » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сұранысына сәйкес қажетті 10 мамандық бойынша үшжақты меморандум және екіжақты келісімшарттар жасалынып, Жаңатас көпсалалы колледжінің студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Жаңатас көпсалалы колледжін 2019-2024 оқу жылдары аралығында бітірген 162 түлек тұрақты жұмысқа орналасқан. 2022-2023-2024 оқу жылында Ж а ң а т а с к ө п с а л а л ы к о л ле д ж і н і ң 16 арнайы пән оқытушысы мен 6 өндірістік оқыту шебері әлеуметтік серіктес «ГПК Қазфосфат» ЖШС-ның базасында кезеңкезеңімен өндірістік тағылымдамадан өтті.

Сондай-ақ «Қазфосфат» ЖШС филиалы – «Каратау» тау-кен өңдеу кешені 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік тапсырысқа ілінбей қалған екі студенттің оқу ақысын төлеп отыруға демеушілік жасады. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан бұл жастар қазіргі таңда «Экскаватор машинисі» біліктілігі бойынша білім алуда. Ж а л п ы қ а з і р г і т а ң д а « Г П К Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сұранысы бойынша «Бұрғылау қондырғысының машинисі», «Химиялық талдау зертханашысы», «Электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электр слесарі», «Техник-электромеханик», «Техник-электроник», «Техникмаркшейдер», «Техник-технолог», «Экскаватор машинисі», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Автокөлікті жөндеу слесарі», «Автокөлік құрал-жабдықтарын жөндеу электригі» біліктіліктері бойынша мамандар даярланып жатқанын айта кеткен жөн. Сарысу ауданында өнімді жұмыс істеп жатқан «ЕвроХим – Удобрения» компаниясы да әлеуметтік серіктес ретінде Жаңатас көпсалалы колледжімен тығыз байланыс орнатқан. Компания тарапынан «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы», «Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «Маркшейдерлік ісі», «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу» мамандықтары бойынша сұраныс берілген. 2016 жылдан бастап үшжақты меморандум және екіжақты келісімшарттар жасалып, студенттер өндірістік іс-тәжірибеден өткен. Соның нәтижесінде 2020-2021 оқу жылын бітірген 7 түлек тұрақты жұмысқа орналасыпты.

Сонымен қатар «ЕвроХим-Удобрения» Ж Ш С « З е р т х а н а л ы қ т е х н о л о г и я » мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге лабораториялық жұмыстар жасау үшін зертханалық ыдыстар мен приборларды сыйға тартты. Жаңатас көпсалалы колледжі бүгінде «QazaQ Soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен де бірлесе жұмыс атқаруда.

– «QazaQ Soda» ЖШС – Тараз қаласында құрылған «YILDIRIM Holding»-пен үлестес түрік компаниясы. «Lightning Holding» – әлемнің 51 елінде жұмыс істейтін 18 000 қызметкері бар халықаралық компания. Қазіргі таңда «Qazaq soda» серіктестігінің зауыттық құрастыру жұмыстары жалғасуда. Зауыттың бастапқы қуаты жылына 500 000 тоннаны құрайды. Ол біртіндеп жылына 1 000 000 тоннаға дейін артады. Сода негізінен химиялық заттар өндірісінде қолданылады. Сода өндіру үшін пайдаланылатын шикізат: кальций карбонаты (әктас) және натрий хлориді (тұз). Сода зауытында қолданылатын шикізат қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Компания нысанды пайдалануға бергеннен кейін студенттерді оқыту үшін оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Осы орайда Жаңатас көпсалалы колледжінде «Әлеуметтік серіктестік – дуальды оқыту жүйесіндегі басты тенденция!» тақырыбында ауқымды іс-шара да ұйымдастырылған болатын. Маңызды басқосуда «QazaQ Soda» ЖШС-ның өкілдері Жаңатас көпсалалы колледжіне 1 955 500 теңге тұратын толық жабдықталған серверлік жүйедегі компьютер алып келіп, табыстады. Мұның бәрі де әлеуметтік серіктестіктің жемісі, – дейді Нұрландия Ералықызы.

Айта кету керек, «QazaQ Soda» ЖШС-ның сұранысына сәйкес қажетті 4 мамандық бойынша 2021 жылдан бастап үшжақты меморандум және екіжақты келісімшарттар жасалған. Атап айтқанда, «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың технологиясы мен техникасы», «Зертханалық технология», «Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу» мамандықтары бойынша жұмысшы мамандар даярланады.

Сол сияқты « Ж а н а т а с В Э С » жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өздеріне қажетті «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарына сұраныс берген. Соған сәйкес 2022 жылдан бастап тиісті келісімдер жасалған. 2024 оқу жылы бітірген 2 түлек тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал 2024-2025 оқу жылында «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 3 білімгермен үшжақты келісімшартқа қол қойылып, өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.

Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Нұрландия Түйтебаеваның айтуынша, 2023 -2024 оқу жылында бітірген 112 түлектің барлығы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алыпты. Қазіргі таңда олардың 77-сі (69 пайыз) еңбекпен қамтылған. Оның ішінде 42 (38 пайыз) түлек тұрақты жұмысқа орналасқан.

2023-2024 оқу жылы «Зертханалық технология» мамандығы, «Химиялық талдау зертханашысы» біліктілігі бойынша Жаңатас көпсалалы колледжінде 47 түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 28 түлек «ГПК «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Жастар практикасы» бойынша еңбек жолын бастады. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Аспаз», «Кондитер-безендіруші» біліктіліктері бойынша 12 түлек бітіріп шықса, оның 8 - і « Г П К « Қ а з ф ос ф а т » Ж Ш С м ен «Уразбаева», «Айгерім», «Қыркымбаева» жеке кәсіпкерліктеріне жұмысқа орналасқан.

Жұмысты жаңа талаптарға сәйкес жүйелеуде тиімді уағдаластықтардың тигізер пайдасы мол. Таяу күндері сондай мәмілелер жасалды. Атап айтқанда, Ж ұ м ы с ш ы м а м а н д ы қ т а р ы ж ы л ы аясында Жаңатас көпсалалы колледжінің директоры Нұрландия Түйтебаева Ақтөбе облысындағы «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Багдашжан Молдашевамен кадрларды даярлау саласын дамыту, жұмысшы және орта буындар бойынша бірлескен жұмыс жүргізілу үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына байланысты Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың «2025 - 2027 жылдарға арналған жол картасы» аясында білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, әртүрлі салаларда институционалды зерттеу серіктестігін орнату, білім саласындағы байланыстарды нығайту, келешегі зор жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сонымен қатар меморандум аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын жетілдіру, біліктілікті бағалау және тану тетіктерін әзірлеу, мамандардың заманауи талаптарға сай болуын қамтамасыз ету, білім беру мен өндірістің байланысын нығайту, тәжірибеге бағытталған оқыту мен тәлімгерлікті енгізу, жұмысшы мамандықтар орындарының беделін арттыру және мамандардың кәсіптік өсуіне жағдай жасау, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамыту, білікті мамандықтар біліктілік жүйесімен тікелей байланысты болғандықтан кәсіптік құзыреттерді бағалау мен танудың ашық және заманауи жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу көзделіп отыр. С о н д а й - а қ т е х н и к а л ы қ ж ә не кәсіптік білім беру саласындағы ы н т ы м а қ т а с т ы қ т ы ң б і р қ а т а р перспективалы бағыттарын дамыту, тұрақты білім беру іс-шаралары, жаңа зерттеулер мен технологияларға қ о л ж е т і м д і л і к ж ә не м а н с а п т ы қ мүмкіндіктер құру, дуальды оқыту бойынша алмасу мақсатында бірлескен білім беру және ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу, оқу-тәрбие процесінде тараптардың цифрлық білім беру контенттерін пайдалану, семинарларды, ғылыми-практикалық конференциияларды, көрмелерді және тағы басқа іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, дуальды оқыту бойынша колледждердің бірлескен қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдесу сынды міндеттер қарастырылған.

Дәл осындай меморандум Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты Шиелі индустриалды-аграрлық колледжімен де жасалды. Меморандумның мақсаттарын жүзеге асыру үшін тараптар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамыту, білікті мамандықтар біліктілік ж ү й е с і м ен т і к е ле й б а й л а н ы с т ы болғандықтан кәсіптік құзыреттерді бағалау мен танудың ашық және заманауи жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам жасау, елдің тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды дамытудың маңыздылығы, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, техникалық мамандар дайындау мақсатында ынтымақтастық, тұрақты білім беру іс-шаралары, жаңа зерттеулер мен технологияларға қолжетімділік және мансаптық мүмкіндіктер құру, бірлескен ғылыми, ғылымитехникалық зерттеулер, конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізу, бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік материалдарын басып шығару, әдебиет, оқулықтар мен университет басылымдары және мерзімдік басылымдармен алмасу, кітапхана, электрондық кітапханалық ресурстарды бірлесе пайдалану сияқты бағыттар бойынша уағдаласты.

Президент айтқандай, «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі». Бұл тұрғыда Жаңатас көпсалалы колледжінің ұжымы да аянып жатқан жоқ. Маман даярлау бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ,

Сарысу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар