
Басқосу барысында аудан басшысы Саудакент ауылының қазіргі жағдайын саралап, келешекте жүзеге асырылатын жұмыстар жайында баяндама жасады.
Аудан әкімінің айтуынша, Байқадам ауылдық округінде әлеуметтікэкономикалық дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Бірқатар инфрақұрылымдық және қоғамдық маңызы бар жобалар іске асырылып жатыр.
Атап айтқанда, ауылдағы өрт сөндіру ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның шатыры толықтай жаңартылып, өрт сөндіру көліктеріне арналған бокс салынып, ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жөнделіп жатыр. Бұл – ауыл қауіпсіздігі үшін аса маңызды қадамдардың бірі.
Сонымен қатар Сұлтанғазиев көшесіне ақпараттық-танымдық материалдар мен жарнама орналастыруға арналған заманауи LED экран орнатылды. Бұл құрылғы жергілікті халықты жедел а қ п а р а т т а н д ы р у м ен қ о ғ а м д ы қ хабарламаларды таратуда маңызды рөл атқарады. Су тасқынының алдын алу және ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында Сұлтанғазиев көшесіндегі мектепке дейінгі 172 метр ұзындықтағы су ағатын лоток жаңартылды. Бұл жоба көктемгі су тасқыны кезінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, жасыл желектер мен ағаштарды тұрақты суаруға мүмкіндік береді.
Ауылдағы тағы бір маңызды жоба – Тұрар Рысқұлов көшесінде волейбол және баскетбол алаңшасының салынуы. Жаңа спорттық нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасап отыр.
Саудакент ауылының батыс бөлігінде, Сарымолдаев көшесінде ауылшаруашылық саласына қажетті жаңа нысандардың құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, ветеринарлық пункт, мал емдеуге арналған орын және тоғытпа бой көтеріп жатыр. Бұл кешен ауылдағы малшаруашылығының дамуына септігін тигізбек.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар ардагерді марапаттады. \
Саудакент ауылындағы жүйелі жұмыстар – аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан нақты қолдаудың нәтижесі. Ауылдағы оң өзгерістер – халықтың өмір сүру сапасын арттырып, елді мекеннің көркіне көрік қосары сөзсіз.
Жаңаталап ауылдық округінде өткен жиын да жарқын сәттерге толы болды. Келелі кездесуге ауыл тұрғындары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар мен округтегі мекеме өкілдері қатысты. Басқосу барысында аудан әкімі Сәкен Мамытов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндап, тұрғындардың сауалдарына нақты жауап берді.
Ауыл инфрақұрылымын жақсарту бағытында нақты істер қолға алынған. Солардың бірі – Ұйым ауылындағы Сырлыбаев көшесінің 420 метрі жөндеуден өткізілуде. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін толық аяқталмақ. Жол сапасын арттыру тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп қана қоймай, ауыл келбетінің ажарын аша түсері сөзсіз.
Ауыл экологиясы мен жасыл желектерді сақтау да басты назарда. Осы мақсатта Ұйым ауылында 5 жерден шахталы құдық қазылып, жасыл белдеулер мен ағаш көшеттерін суару жұмыстары жолға қойылған.
Сонымен қатар Жаңаталап ауылындағы балалар ойын алаңына жұмсақ төсеме төселіп, балалардың қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасалды. Бұл бастама – салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолындағы нақты қадам. Балалар алаңы – әр ауылдың көркі ғана емес, болашаққа деген қамқорлықтың белгісі.
Мал өсірумен айналысатын тұрғындар үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда Жаңаталап ауылында жаңа ветеринарлық пункт, мал емдеу орны және мал шомылдыруға арналған тоғытпа құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл кешен ауылшаруашылығына серпін беріп, мал ауруларының алдын алуға мүмкіндік туғызбақ. Жиында тұрғындар аудан әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ел игілігі үшін жасалып жатқан істерге алғыстарын білдірді. Сонымен бірге тұрғындар ауыл ішіндегі кейбір әлеуметтік мәселелерді де көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі барлық сұрақтарды назарға алып, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.
Кездесу соңында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер қауымы марапатталып, құрметке бөленді. Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған марапаттау сәті ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі болды.
М.ЖАМБЫЛҰЛЫ