Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жүгенсіз» жолаушы тасымалдаушылар жауапқа тартылды

«Жүгенсіз» жолаушы тасымалдаушылар жауапқа тартылды
polisia.kz
21 шілдеден бастап облыс аумағында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды . Іс - шара барысында жүргізушілердің жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, сондай-ақ барлық қажетті рұқсат құжаттарының болуына баса назар аударылуда.

Полицейлер қалааралық автожолдарда, автобекет маңында және жолаушылар көлігі жүретін негізгі бағыттарда рейдтер өткізуде.

Екі күнде техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығарғаны және көлік пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 11 жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 743 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 19 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Жол белгілері мен таңбалар талаптарын сақтағамағаны үшін 211 жүргізушіге айыппұл салынса, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін тағы 81 жүргізуші жауапқа тартылды.

Жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын 85 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 2 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды. Полицейлер жолаушылар тасымалдау қызметін үнемі жасырынып ұсынған 2 такси жүргізушісін жауапқа тартты. 36 жүргізушіге көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін хаттама толтырылды. Іс-шара барысында 71 көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Осы ретте облыстық полиция департаменті барлық жүргізушілермен мен тасымалдаушыларды қауіпсіздік мәселесіне толық жауапкершілікпен қарауға шақырады, бұл өз кезегінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар